11.06.2026
2026 жылғы 11 маусым күні Егіндікөл ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебінде 5–10 сынып оқушыларының қатысуымен «Судағы қауіпсіздік – бір қателіктің құны» тақырыбында аудан прокурорымен кездесу өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың судағы қауіпсіздік ережелері туралы білімдерін арттыру, жазғы демалыс кезінде орын алуы мүмкін жазатайым оқиғалардың алдын алу және қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру.
Кездесу барысында қатысушылар бірнеше топқа бөлініп, тақырыпқа байланысты тапсырмаларды орындады. Оқушылар судағы қауіпсіздікке қатысты түрлі жағдаяттарды талдап, оларды шешу жолдарын ұсынды.
Іс-шара барысында оқушылар су айдындарында орнатылатын қауіпсіздік белгілерінің мағынасына тоқталып, олардың адам өмірін сақтаудағы маңызды рөлін атап өтті. Сондай-ақ судағы қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттілігі жөнінде өзара пікір алмасты.
Кездесу соңында тақырыпқа байланысты бейнеролик көрсетіліп, оқушылар рефлексия арқылы қорытындылады.