Текст
12.06.2026
2026 жылдың 9–13 маусым аралығында Тараз қаласында өткен Республикалық Ұлттық мектеп лигасының 5–6 сынып оқушылары арасындағы үстел теннисі жарысында Ақмола облысының намысын Полтавск ауылының жалпы орта білім беретін мектебі абыроймен қорғады.
Жарысқа еліміздің түкпір-түкпірінен келген мықты командалар қатысып, өзара тартысты ойын өрнегін көрсетті. Осындай бәсекелі додада біздің жас спортшылар жоғары шеберлік, табандылық пен командалық бірліктің арқасында жүлделі ІІІ орынды иеленді!
Жас спортшыларға алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, жаңа жеңістерге жете берулеріне тілектеспіз! Оқушыларымызға зор алғыс айтып, толағай табыс тілейміз.