"Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение "Отдел образования по Егиндыкольскому району управления образования Акмолинской области"

      

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Әлемдік жетістікпен құттықтаймыз!

27.07.2026

Әлемдік жетістікпен құттықтаймыз! 

№1 жалпы білім беретін мектептің көркем еңбек пәнінің мұғалімі Сәрсенова Зарина Global Best of Records (GBR) халықаралық ұйымының ресми әлемдік рекорд иегері атанып, арнайы сертификатпен марапатталды.

Бұл жоғары халықаралық марапат қазақ халқының ұлттық мәдени мұрасын дәріптейтін, дәстүрлі технологиямен дайындалған «KÖSHEN KÖRPE» брендімен ұсынылған қазақтың ұлттық көрпе бұйымдарының ең үлкен топтамасын жасағаны үшін берілді.

Бұл – педагогтің кәсіби шеберлігінің, ұлттық құндылықтарға деген құрметінің және шығармашылық еңбегінің жарқын көрінісі.

🎉 Сәрсенова Заринаны осы айтулы жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз! Зор денсаулық, шығармашылық шабыт, толағай табыстар және Қазақстанның білімі мен мәдениетін әлемге танытатын жаңа жетістіктер тілейміз! 🇰🇿👏

Просмотров: 165


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст