20.08.2026
Егіндікөл ауданында педагогтердің тамыз кеңесі өтті
Бүгін Егіндікөл аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен жаңа оқу жылына дайындық және білім беру саласының өзекті мәселелерін талқылауға арналған педагогтердің дәстүрлі тамыз кеңесі өтті.
Іс-шара барысында өткен оқу жылының қорытындылары сараланып, алдағы оқу жылындағы негізгі міндеттер мен басым бағыттар айқындалды. Білім сапасын арттыру, педагогтердің кәсіби дамуы, оқушыларға сапалы әрі қолжетімді білім беру, заманауи білім беру технологияларын тиімді қолдану мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Тамыз кеңесі педагогтер үшін тәжірибе алмасып, жаңа идеялармен бөлісіп, алдағы оқу жылына жаңа серпінмен қадам басуға мүмкіндік беретін маңызды алаң болды.
Барша ұстаздарға жаңа оқу жылында шығармашылық табыс, кәсіби жетістік және толағай еңбек тілейміз!
Бірге – сапалы білім, жарқын болашақ жолында!