Президенттік олимпиаданың аудандық кезеңі өткізілді

17.09.2026
2026 жылғы 16 қыркүйекте Егіндікөл ауылының № 2 жалпы білім беретін мектебінің базасында жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша 11 сынып оқушылары арасында Президенттік олимпиаданың аудандық кезеңі өткізілді.
Олимпиаданың ерекшелігі-қатысушылардың жаратылыстану-математикалық пәндері бойынша білімдерін бағалау.
Президенттік олимпиадаға қатысушылар "Алтын белгі" төс белгісіне және  үздік аттестатқа үміткерлер қатарынан немесе математика, физика, химия және биология пәндері бойынша сондай-ақ бұрын республикалық, халықаралық пәндік олимпиадаларға қатыспағандар қатарынан болуға тиіс.
Олимпиадаға  Егіндікөл ауылының № 1, Егіндікөл ауылының № 2 жалпы орта білім беретін мектебі және Полтавск ауылының жалпы орта білім беретін мектептерінен барлығы 6 оқушы қатысты
Просмотров: 1456


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу