"Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение "Отдел образования по Егиндыкольскому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Барлығын қарау>>>

«Баланың қауіпсіздігі мен әл-ауқаты – біздің ортақ жауапкершілігіміз»

17.09.2026

«Баланың қауіпсіздігі мен әл-ауқаты – біздің ортақ жауапкершілігіміз»
2026 жылғы 17 қыркүйек күні Егіндікөл ауданының білім бөлімі ұйымдастыруымен ата-аналар форумы өтті.
Форумның негізгі мақсаты – балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, денсаулығын қорғау, құқық бұзушылықтардың алдын алу және ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыру.
Іс-шараға білім бөлімі, полиция бөлімі, медициналық ұйым, прокуратура өкілдері, мектеп әкімшілігі, педагогтер және оқушылардың ата-аналары қатысты.
Форум барысында:
🔹 2025–2026 оқу жылындағы оқу-тәрбие жұмысының қорытындылары және 2026–2027 оқу жылына арналған негізгі бағыттар;
🔹 оқушылардың денсаулығын сақтау, профилактикалық медициналық тексерулер және салауатты өмір салтын қалыптастыру;
🔹 кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және жол қауіпсіздігі;
🔹 ата-аналардың кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, оқыту және қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі құқықтық жауапкершілігі мәселелері талқыланды.
Форум барысында ата-аналарға бала қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі бірлескен жұмыстың маңыздылығы түсіндіріліп, өзекті мәселелер бойынша пікір алмасу жүргізілді.
Бала қауіпсіздігі – отбасы, мектеп және қоғамның ортақ жауапкершілігі! 🤝

Просмотров: 13


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу

Текст