02.10.2026
КММ «Егіндікөл ауданының білім бөліміне қарасты Ұзынкөл ауылының жалпы білім беретін мектебі» 2026 жылғы 2 қазанда Түркістан қаласында «Адамға инвестиция: адами капиталды дамытуға арналған қайырымдылық» тақырыбында өткен «Қазақстан халқына – 2026» ұлттық қайырымдылықтың V конференциясы аясындағы байқауға қатысты.
Байқау қорытындысы бойынша мектебіміз «Көпфункционалды спорт кешені» номинациясы бойынша I орынға ие болды! 🥇
Бұл – жай ғана жеңіс емес, бұл балалар мен ауыл тұрғындары үшін жаңа спорттық және ойын алаңдарын алуға мүмкіндік! ⚽🏀
Байқау барысында мектебімізге қолдау көрсеткен баршаңызға үлкен алғысымызды білдіреміз! Қолдау білдіріп, жанашырлық танытып, бізбен бірге қуанышымызды бөліскен баршаңызға рақмет!
Мектебімізді лайықты нәтижесімен құттықтаймыз! Алдағы уақытта жаңа жеңістер, сәтті жобалар және толағай табыстар тілейміз! 🎉🇰🇿
#ҚазақстанХалқына2026 #ҚазақстанХалқына #Ұзынкөл #ЕгіндікөлАуданы #Жеңіс #Спорт #Балалар #Қайырымдылық #Даму #АқмолаОблысы