Республикалық олимпиаданың екінші, аудандық кезеңі өтуде
09.10.2026
7-9 қазан аралығында ауыл мектептері оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың екінші, аудандық кезеңі өтуде. Оған бірінші кезеңнің қорытындысы бойынша іріктелген 9-11-сыныптардың 74 оқушысы қатысты.
Биыл олимпиаданың алғашқы кезеңіне 107 оқушы тіркелді.
Олимпиада 13 жалпы білім беретін пәнді қамтиды. Оның 6-уы жаратылыстану-математикалық, 7-уі қоғамдық-гуманитарлық бағытқа жатады. Зияткерлік сайыс жалпы төрт кезеңнен тұрады.
Аудандық кезеңнің жеңімпаздары 27-30 қазан аралығында өтетін облыстық кезеңге жолдама алады.
Просмотров: 2531