«Жайдарман» аудандық юморлық байқауының қорытындысы

02.11.2026

«ЖАЙДАРМАН» АУДАНДЫҚ ЮМОРЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
Егіндікөл ауданында «Адал азамат – әділетті қоғамның негізі» тақырыбында, «Заң мен тәртіп – әділетті қоғамның негізі!» ұранымен мектеп оқушылары арасында аудандық «Жайдарман» юморлық байқауы өтті.
Байқаудың мақсаты – оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, тапқырлық пен әзіл мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ адалдық, жауапкершілік және заңға құрмет құндылықтарын насихаттау.
Байқау қорытындысы бойынша:
Бас жүлде — «Честный, но не идеальный» командасы, Егіндікөл ауылының №2 жалпы білім беретін мектебі.
І орын — «Сағыз» командасы, Егіндікөл ауылының №1 жалпы білім беретін мектебі.
ІІ орын — «Заңгерлер» командасы, Ұзынкөл жалпы білім беретін мектебі.
ІІІ орын — «Порядок 2.0» командасы, Спиридоновка ауылының жалпы білім беретін мектебі.
Барлық командалар өздерінің тапқырлықтарын, сахналық шеберліктері мен ерекше әзілдерін көрсетіп, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Жеңімпаздар мен барлық қатысушыларды шын жүректен құттықтаймыз! Шығармашылық шабыт, жаңа жетістіктер және толағай табыстар тілейміз! 🎊
Заңды құрметтейік, тәртіпті сақтайық, адал азамат болайық!
 

Просмотров: 994


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу