«Үздік бастауыш сынып мұғалімі» аудандық сырттай байқауының қорытындысы

02.11.2026

«Үздік бастауыш сынып мұғалімі» аудандық сырттай байқауының қорытындысы
Егіндікөл ауданында жалпы білім беретін мектептердің бастауыш сынып мұғалімдері арасында «Үздік бастауыш сынып мұғалімі» аудандық сырттай байқауы өтті.
Байқаудың мақсаты – педагогтердің кәсіби шеберлігі мен шығармашылық әлеуетін анықтау, озық педагогикалық тәжірибені зерделеу және тарату, сондай-ақ бастауыш білім беру саласында заманауи білім беру технологияларын тиімді қолдануды қолдау.
Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды:
I орын: Мицуля Елена Андреевна; Бекбаева Нүрия Нұрмағамбетқызы.
II орын: Зенченко Надежда Валерьевна.
III орын: Шмидт Татьяна Владимировна.
Барлық педагогтерді лайықты жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз!

Просмотров: 1005


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу