16.08.2021
2021 жылғы 01-25 тамыз аралығында "Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызметі қағаз нысанда жүргізіледі.
Келесі құжаттар тізімі ұсынылады:
1) көрсетілетін қызметті алушының ата-анасының (немесе өзге де заңды өкілдерінің) бірінің қағаз нысандағы өтініші;;
2) баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
3)баланың денсаулық жағдайы туралы анықтама (026/у-3 нысаны);
4) көлемі 3х4 см фотосурет.
5) психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссия қорытындысының көшірмесі (бар болса).