Текст
«Рухани жаңғыру бағдарламасы» аясында Көкшетау қаласында 25 – 26 қазан аралығында Ақмола облысы бойынша орта білім беру ұйымдарының педагогикалық қызметкерлері арасындағы «Үзқдік психолог» облыстық конкурсына ауданымыздан Көркем негізгі мектебінің психологы Муканова Ризвангуль Жұмабайқызы қатысты. Байқау қорытындысы бойынша ІІ жүлделі орынға ие болып, 30 000 теңге ақшалай сертификтпен және ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
Егіндікөл ауданы білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі Муканова Ризвангуль Жумабайқызын жеңіспен құттықтап, болашақта жаңа табыстарға жетуіне тілектес.