13.10.2021
2021 жылдың 13 қазан айында Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы В. Шевцов аудандық мәслихаттың хатшысы Б. Абиловпен, Нұр Отан партиясының аудандық филиалы төрағасының орынбасары О. Топорковамен, Егіндікөл ОАА бас дәрігерінің м. а. Н. Шуминамен бірге ауылдағы медициналық пунктті жайластыру, сондай-ақ, жылыту маусымына мониторинг жүргізу мақсатында Тоғанас ауылының негізгі мектебіне барды.
Мектепте 34 оқушы оқиды, 11 педагог жұмыс істейді.
Ұзынкөл ауылдық округінің әкімі С.Сүлейменовамен, мектеп директоры Т. Бокишевпен кездесті.
2020 жылы салынған мектептің блокты-модульді қазандығының жұмысы тексерілді, көмір әкелінді, мектепте температуралық режим +22 °C сақталып тұр.