"Ақмола облысы Білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімі" ММ сіздерге бөлімнің әдістемелік орталығы"мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу үшін мектепке дейінгі (6 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою" мемлекеттік қызметін көрсететінін хабарлайды.
Көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде:
1) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2)баланың туу туралы куәлігі (сәйкестендіру үшін);
3)көрсетілетін қызметті алушының (ата-анасының бірінің немесе заңды өкілінің) жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
4) әскери қызметшінің немесе арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерінің жұмыс орнынан берілген, уәкілетті адамның қолымен және мөрімен (бар болса)расталған анықтама (берілген күнінен бастап бір ай бойы жарамды);
5) білім беру ұйымы басшысының қолымен және мөрімен куәландырылған педагогтің жұмыс орнынан анықтама (берілген күннен бастап бір ай бойы жарамды), дипломның сканерленген көшірмесі;
6) Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балалар үшін психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы (бар болса);
7) фтизиатр-дәрігердің қорытындысы;
8) мектепке дейінгі ұйымға бірінші кезекте жолдама алу мүмкіндігін растайтын құжаттар.
Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді, баланың туу туралы куәлігін, мектепке дейінгі ұйымға бірінші кезекте жолдама алу мүмкіндігін растайтын мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші немесе Мемлекеттік корпорацияның қызметкері "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.