15.10.2021
2021 жылдың 14 қазан күні Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы В.Шевцов Спиридоновка ауылындағы жалпы білім беретін мектебіне жұмыс сапарымен барып қайтты.
Мектепте 62 оқушы оқиды.
Қазандықтың жұмысы тексерілді, 263 тонна көмір әкелінді, мектепте температура режимі +21С сақталып тұр.
Бірақ қазандықтың жұмысында түтін сорғыштың жұмысында кейбір мәселелер байқалды. Осыған байланысты жақын күндері келетін жаңа түтін сорғысына жедел тапсырыс берілді.