Текст
2021 жылы Егіндікөл ауданының жалпы білім беру мекемелерінде дене мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін 3 білім беру нысаны бейімделді: №1, №2 жалпы білім беретін мектептер және Бауман ауылының мектебі. Бұл ұйымдарға 614,0 мың теңге сомасында қаражат бөлінді және қозғалыс көрсеткіштері, нашар көретіндерге арналған "Брайль" қарпі бар мектеп атауының маңдайшалары, қозғалысқа арналған тактильді тақталар сатып алынды, мектептер мен білім беру бөлімінің күшімен механикалық көтергіш орнатылды, нормативке сәйкес мөлшерлері бойынша пандустар орнатылды. 2022 жылға қосымша бюджеттік өтінім беріліп, ауданның қалған 7 Білім беру объектісін бейімдеу үшін 2 млн.221 мың теңге сомасында қаражат бөлінетін болады.