"Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение "Отдел образования по Егиндыкольскому району управления образования Акмолинской области"

      

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

⚜️ Қорғаншыларға немесе қамқоршыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) асырап-бағуға жәрдемақы тағайындау.

08.11.2021
Осы қызметті вебпортал арқылы алу www.egov.kz келесідей болады:
Сайтқа кіріңіз www.egov.kz→ одан әрі "отбасы қорғаншылық, қамқоршылық, қолдау" терезесін басамыз → осы қызметтің атауын табамыз және оған басамыз → одан әрі Нұсқаулық бойынша
1. Порталда авторлану және "Қызметке онлайн тапсырыс беру"батырмасы бойынша өту.
2. Бала туралы мәліметтерді толтыру (баланың ЖСН болуы қажет).
3. Өтінімге ЭЦҚ-мен (электрондық цифрлық қолтаңбамен) қол қою.
4. Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы "бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңіздің өңделуі туралы хабарламамен танысу қажет.
Қажетті құжаттарды электрондық үкімет " вебпортал
* Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылған немесе ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірін тіркеген және порталдың есептік жазбасына қосқан жағдайда бір реттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
* Бала 2007 жылғы 13 тамызға дейін не Қазақстан Республикасынан тыс жерде туылған жағдайда баланың (балалардың) туу туралы куәлігінің электрондық көшірмесі;
* Балаға жалғыз ата-анасының немесе екеуінің де қамқорлығының жоқтығын растайтын құжаттардың электрондық көшірмесі.
* Екінші деңгейдегі банкте немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыруға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы бар ұйымда Қорғаншының немесе қамқоршының атына дербес шот ашу туралы шарттың электрондық көшірмесі;
* Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар мен өзге де әлеуметтік төлемдерді алуды растайтын баланың (балалардың) табыстары туралы құжаттардың, алименттердің электрондық көшірмелері, баланың (балалардың) мүлкінен түсетін табыстары туралы мәліметтер.
Ескертпе:
Кірістер деп: зейнетақы, стипендия, жәрдемақы, төлемдер, алимент, мүлікті жалға беруден түсетін табыс, дивидендтер, банк салымдарынан, бағалы қағаздардан, акциялардан, компаниялардың жарғылық капиталындағы үлестерден және т. б. пайыздар түсініледі.
Просмотров: 295


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст