"Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение "Отдел образования по Егиндыкольскому району управления образования Акмолинской области"

      

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мемлекет басшысының ҚР Парламенті Мәжілісінің отырысында сөйлеген сөзіне үн қосу

12.01.2022

Қаңтардың ең ауыр күндерінде Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың елдегі жағдайды тұрақтандыру және қазақстандықтардың өміріне қауіп төндірмеу жөніндегі батыл әрекеттерін Қазақстан халқы мақтанышпен қолдады. 
Бүгін еліміздің жаңа тарихындағы маңызды күн. Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің отырысында сөз сөйлеп, оның аясында Қазақстанды саяси және әлеуметтік-экономикалық жетілдіру жөнінде нақты міндеттер қойды.
Осындай міндеттердің ішінде ол білім беру саласындағы мәселені атап өтті. Осыған орай, сапалы білімге қолжетімділікті арттыру ел үшін маңызды басымдық болып табылатыны атап өтілді. Президент айтқандай, жақсы мұғалімдерсіз білім сапасын көтеру мүмкін емес, сондықтан мұғалімдердің тапшылығы бар өңірлер үшін қолдау шараларының тиісті пакетімен үздік педагогтерді тарту жөнінде арнайы бағдарлама әзірлеуді тапсырамын, – деп түсіндірді Мемлекет басшысы. 
Мемлекет Басшысы Жоғары білімнің қолжетімділігін және оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру қажет екенін атап өтті.  Менің ойымша, мұндай қадамдар білім беру саласындағы белгілі бір өзгерісті тудырады. Өйткені, Президент айтқандай, біз шынымен де "білімге деген көзқарасты өзгертуіміз керек". 
Бұл мәлімдемелер халық тарапынан қолдау тауып, жақын арада бірқатар тапсырмалар іске асырылады деп үміттенемін!

 

Ақмола облысының білім басқармасы Егіндікөл ауданы бойынша  Білім бөлімінің басшысы
В. Шевцов

Просмотров: 330


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст