Ағымдағы жылдың 13 және 14 сәуірінде Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы Тоғанас және Көркем ауылдарында ауыл әкімдерінің жиындарына қатысты. Ауыл тұрғындары оқушылар санының аздығына байланысты аталған ауылдарда негізгі мектептердің жұмыс істеу мәселелерін көтерді. Мектеп оқушыларының контингентін арттыру үшін Тоғанас ауылындағы негізгі орта мектеп мұғалімдері балаларды патронаттық тәрбиеге алу үшін Ақкөл балалар үйіне жүгінген, қазіргі уақытта болашақ патронат тәрбиешілер үшін 3 айлық онлайн оқыту күтілуде. Осы мәселеден басқа, тұрғындар Тоғанас ауылындағы мектепте спортзалдың жоқтығы туралы мәселені көтерді. Оған басшы жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге және оның сараптамасына 2023 жылға қаражат бөлуге бюджеттік өтінім дайындалып жатқанын айтты. Одан әрі 2024-2025 жылдары ангарлық үлгідегі спорт залын салуға облыстық бюджеттен қаржы бөлу жоспарлануда.