Текст
Pfizer (АҚШ) компаниясы шығарған "Комирнати" вакцинасы ҚР-да уақытша мемлекеттік тіркеуге ие.
Қазақстанда 18 жасқа дейінгі балалар үшін кепілдендірілген сапалы препараттармен қамтамасыз ету мақсатында өндірісі ДДҰ-ның біліктілігіне ие вакциналар сатып алынады, яғни елде осы ұйымның сапа мен тиімділікке қойылатын барлық қажетті талаптарына жауап беретін вакциналар қолданылады.
ДДҰ аралық мәліметтеріне сәйкес, 12-15 жас аралығындағы жасөспірімдердің қатысуымен клиникалық зерттеулердің үшінші кезеңі осы жас тобы үшін осы вакцинаның жоғары тиімділігі мен жеткілікті жоғары қауіпсіздігін көрсетті, бұл алдыңғы жас көрсеткіштерінің кеңеюіне әкелді: 16 жастан 12 жасқа дейін және одан жоғары.