03.06.2022
14 жастан 16 жасқа дейінгі жасөспірімдерге аптасына 24 сағаттан артық емес (ҚР Еңбек кодексінің 69 – бабы), 16 жастан 18 жасқа дейін аптасына 36 сағаттан артық емес жұмыс істеуге болады. Түнде (22.00-ден 06.00-ге дейін) жұмыс істеуге, ауыр жұмыстарды орындауға, зиянды және қауіпті жағдайларда жұмыс істеуге, толық материалдық жауапкершілікке, вахталық әдіспен және үстеме жұмыс істеуге болмайды. Заң балаларды іссапарға жіберуге рұқсат етеді, егер оларда медициналық қарсы көрсетілімдер болмаса. Ал 18 жасқа дейінгі балаларды жыл сайынғы ақылы еңбек демалысынан шақыртып алуға болмайды (ҚР Еңбек Кодексінің 95-бабы).
14 жасқа дейінгі балалар да жұмыс істей алады. Қазақстанның еңбек заңнамасына сәйкес, оларға еңбек шарты бойынша циркте, театрда, концерттерде өнер көрсетуге немесе киноға түсуге болады (ҚР Еңбек кодексінің 31-бабы). Ең бастысы, денсаулық пен адамгершілік дамуына зиян келтірмеу керек.