Текст
⚜️ Ағымдағы жылдың 16 маусымында Көкшетау қаласының "Bolashaq saraiy" базасында "Алтын белгі" төсбелгісінің иегерлері - түлектерді салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Ақмола облысында биыл барлығы 4650 түлек, оның 270 - і "Алтын белгі" төсбелгісіне ие болды. Салтанатты шараға Егіндікөл ауданынан "Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімінің Егіндікөл ауылының №2 жалпы білім беретін мектебінің" түлегі Абашева Эльвира қатысып, "Алтын белгі" төсбелгісімен бірге 100 000 теңгеге сыйлық сертификатын алды.