"Ақмола облысы Білім басқармасының Егіндікөл ауданының білім бөлімі" ММ 2022 жылғы мемлекеттік қызметтер бойынша есепті қоғамдық талқылауы.
1. Жалпы ережелер
1) Көрсетілетін қызметті берушілер туралы мәліметтер:
"Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданының білім бөлімі" ММ, ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдары. Заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Егіндікөл ауданы, Егіндікөл ауылы, Победа көшесі 6.
2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:
"Ақмола облысы Білім басқармасының Егіндікөл ауданының білім бөлімі" ММ және ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдары 34 Мемлекеттік қызмет көрсетеді.
2022 жылы "Ақмола облысы Білім басқармасының Егіндікөл ауданының білім бөлімі" ММ және ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдары 472 қызмет көрсетті:
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілген - 10 қызмет
Электрондық үкімет порталы арқылы көрсетілген -313 қызмет
Мемлекеттік орган арқылы көрсетілген-149 қызмет
123 қызмет бойынша негізделген бас тарту.
Білім беру саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.
2021 жылы Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген 586 қызмет "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілген - 159 қызмет
Электрондық үкімет порталы арқылы көрсетілген -302 қызмет
Мемлекеттік орган арқылы көрсетілген - 385 қызмет.
3) Неғұрлым талап етілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:
Білім беру саласында неғұрлым талап етілетін мемлекеттік қызметтер:
"Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау".
"Мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу үшін мектеп жасына дейінгі (6 жасқа дейінгі) балаларды кезекке қою"
"Мектепке дейінгі ұйымдарға құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау"
"Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну"
«Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру"
2. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс:
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер:
Көрсетілетін қызметті алушылар үшін барлық қажетті ақпарат ресми интернет ресурста egindykol.akmoedu.kz білім бөлімі мен ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарында "мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде мемлекеттік қызметтер көрсетудің стандарттары мен қағидалары орналастырылған, сондай-ақ ақпараттық стенділерде стандарттар мен қағидалар орналастырылған, өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары жұмыс істейді.
2) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау туралы ақпарат:
Қазіргі уақытта заңға тәуелді құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында жүзеге асырылады. Білім бөлімі мен ведомстволық бағынысты ұйымдар нормативтік-құқықтық актілерді әзірлемейді.
3) мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбаттар және басқалар):
2022 жылы білім бөлімі және ведомстволық бағынысты ұйымдар БАҚ-та және әлеуметтік желілерде тұрақты негізде мақалалар жариялайды, ақпараттық – түсіндіру жұмыстарын жүргізеді, тікелей эфирде сөз сөйлейді. Бұқаралық ақпарат құралдары, көрсетілетін қызметті берушілердің интернет – ресурстары арқылы, сондай-ақ телефон арқылы мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы халықты хабардар ету бойынша жұмыс тұрақты негізде жүргізіледі.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау.
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат:
2022 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету туралы шағымдар түскен жоқ.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметтер саласындағы заңнамасын сақтау мәселесі бойынша бекітілген бақылау іс-шараларының жоспарына сәйкес бақылау іс-шаралары өткізілді. Бақылау іс-шараларын өткізу кезінде бірқатар ұйымдарда бақылау іс-шаралары барысында жойылған жекелеген сәйкессіздіктер байқалды. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзу және негізсіз бас тарту анықталған жоқ.
2)Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының қоғамдық мониторингінің нәтижелері:
Қоғамдық мониторинг нәтижесіне сәйкес, 2022 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің бұзылуы анықталған жоқ. Мемлекеттік қызметтердің бұзылуына жол бермеу бойынша шаралар қабылдануда.
4. Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына одан әрі тиімділігі мен қанағаттанушылығын арттыру перспективалары.
2023 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру мақсатында 2023 жылға арналған ҚР Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамасын сақтау мәселесі бойынша бақылау іс-шараларының жоспары бекітілді, сондай-ақ білім беру саласында мемлекеттік қызметтер алу тәртібі туралы халықты хабардар ету жөніндегі 2023 жылға арналған іс-шаралар жоспары бекітілді.
2023 жылы білім бөлімі және ведомстволық бағынысты ұйымдар жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету бойынша жұмысты жалғастыратын болады.