Текст
Ағымдағы жылдың 4-7 сәуірінде Егіндікөл ауданының 9-11 сынып қыздары командасы "Жастар" ұлттық мектеп лигасының бағдарламасы аясында облыстық волейбол ойындарына қатысты. Жарысқа 7 команда қатысты: Степногорск қаласы, Егіндікөл ауданы, Атбасар ауданы, Есіл ауданы, Зеренді ауданы, Шортанды ауданы, Бурабай ауданы. Жарыс қорытындысы бойынша Егіндікөл ауданының командасы 2 орын алды. Жарысқа қатысушыларды шын жүректен құттықтаймыз, одан әрі табысты ойындар тілеймін