Қазақстан халықтарының тіл күніне арналған
"Қазақшаң қалайы, балақай?»
республикалық конкурстың аудандық кезеңін
өткізу туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1.1.«Қазақстан халқының Тілдері күніне арналған «Қазақшаң қалай, балақай?» республикалық конкурсты өткізуде, меншік нысанына және ведомстволық тиесілігіне қарамастан мектепке дейінгі ұйымдар мен мектепалды сыныптар арасында ұйымдастыру тәртібі мен шарттарын осы ереже айқындайды.
1.2.Конкурс «ҚР ОАМ Балаларды ерте дамыту институты» РММ мен «Ақмола облысының білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімінің әдістемелік орталығы» КММ 2023 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес өткізіледі.
1.3. Мақсаты: коммуникативті, танымдық, интеллектуалдық, мемлекеттік тілді меңгеру арқылы басқа тілдерде оқитын балалардың шығармашылық және зерттеу қызметінің дағдыларын дамыту.
1.4. Міндеттері:
- мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнын іске асыру;
- оқушылардың ауызекі сөйлеуін әр түрлі қызмет түрлері арқылы балаларды дамыту;
- Үлгілік оқу бағдарламада айқындалған сөздік минимум оқытудың озық тәжірибесін күнделікті режимдік сәттерде ұсыну;
- мемлекеттік тілді меңгеру бойынша мектепке дейінгі ұйым мен ата-аналардың бірлескен қызметін ұйымдастыру;
- мемлекеттік тілді оқыту бойынша озық тәжірибені жалпылау және тарату.
2. Конкурсты ұйымдастыру тәртібі мен өткізу шарттары
2.1. «Ақмола облысының білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімінің әдістемелік орталығы» КММ
2.2. Байқауға балалардың жасына сәйкес келетін келесі іс-шаралардың үзінділері ұсынылуы керек:
- Үлгілік оқу бағдарламада айқындаған режимдік сәттерде күнделікті сөздік минимум оқыту, мектепке дейінгі ұйымдардың пелагогтарының, қазақ тілі мамандары мен ата-аналардың бірлескен қызметі;
- педагог күні бойы ойын түрінде ұйымдастыратын балалық іс-шара түрлі: «Қазақ тілі күні», «Тілдер мерекесі» тағы басқалар.
2.3. Конкурстың ІІ кезеңіне әр номинациядан 1 жүлдегер жіберіледі
2.4. Байқау үш кезеңде өткізіледі:
І кезең - аудандық, қалалық;
ІІ кезең - облыстық;
III кезең - республикалық.
2.5.Конкурстың барлық кезеңдерінде материалдарды бағалау үшін аудан, қала деңгейінде өңірлік комиссия құрылады (құрамы кемінде 3-5 адам).
2.6.Өңірлік комиссия аудандық білім бөлімінің қызметкерлері, мектепке дейінгі ұйымдардың басшылары, білікті педагогтар, әдіскерлер, ата-аналар қоғамының өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдары және т. б. қатарынан құрылады..
2.7.Өңірлік комиссия конкурсқа қатысушылардың ұсынылған материалдарын зерделейді және бағалайды (төменде көрсетілген үш номинация бойынша).
2.8. Конкурстың комиссия мүшелері құқықты:
- әр номинация бойынша орындарды қайталау;
- лайықты үміткерлер болмаған жағдайда жүлделі орындарды бермеуге;
- техникалық ақауларға байланысты (қатысушы тарапынан) көрсетпейтін бейнематериалдарды қарамауға;
- Ережеде белгіленген уақыттан ұзақтығы асатын бейнематериалдарды қарамауға.
2.9.Материалдар «Қазақшаң қалай, балақай?» конкурсы деп аталып 2023 жылы 5 маусымнан кешіктірмей «kalabaeva.9797@list.ru » электрондық поштаға жолдайсыздар, көрсетілген мерзімнен кеш түскен материалдар қаралмайды және қайтарылмайды.
3. «Қазақшаң қалай, балақай?» конкурсына қатысушыларға қойылатын талаптар
3.1.Конкурс мектепке дейінгі балалар арасында қазақ тілінде өткізіледі
3 жастан 5 (6) жасқа дейінгі ұйымдар, педагогтер, ата-аналардың қатысуы мүмкін (заңды өкіл).
3.2. Материалды ұсына отырып, қатысушы келісім береді:
- дербес деректерді пайдалануға және сайтта, баспа басылымдарында, интернет-БАҚ-та және басқа да бұқаралық ақпарат құралдарында материалдарды орналастыруға;
- материалдарды тегін пайдалануға, шығармашылық жобаларға қосуға.
3.3.Болашақ қатысушылардың конкурс өтінімі осы ереженің шарттарын толық қабылдайтындығының, конкурс өткізу шеңберінде дербес деректерді өңдеуге келісім беретіндігінің дәлелі болып табылады.
3.4. Бейнематериалдар YouTube бейне платформасына жүктеледі, өтінімде сілтеме орналастырылады.
4. Бағалау критерийлері
4.1.Орындау деңгейі 3-балдық жүйе бойынша мынадай критерийлер бойынша бағаланады:
- таңдалған материалдың конкурс тақырыбына сәйкестігі;
- таңдалған материалдың қатысушының жасына сәйкестігі;
- бейне сапасы.
5.Бейнематериалға қойылатын талаптар
5.1. Конкурстық бейнематериалдар мына талаптарға сәйкес болуы тиіс:
- түсірілім кәсіби, сапалы, бейнекамераны өшіру және тоқтату (басынан аяғына дейін) тоқтаусыз жүргіліуі керек, ұзақтығы 5 минуттан артық емес;
- бейнежазба MPEG-4 форматында қабылданады;
- әр файлдың өлшемі З00 Мб-тан аспайды;
- бейне файлдарда қатысушылар туралы ақпарат болуы керек (аты-жөні, жасы, мектепке дейінгі ұйымның атауы).
6. Қорытындылау, жеңімпаздарды марапаттау
6.1. «Қазақшаң қалай, балақай?» республикалық байқауының қорытындысы бойынша?» келесі номинациялар бойынша жүлделі орындар беріледі:
- «Үзлік ұйымдастырылған балалар арекеті»;
- «Ұзақ ұйымдастырылған бірлескен әрекеті»;
- «Жүзден жүрік, мыңнан тұлпар»
6.2.Байқаудың аудандық кезеңінің жеңімпаздары «Ақмола облысының білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімінің әдістемелік орталығы» КММ дипломдарымен және алғыс хаттарымен марапатталады.
Телефон: 8 (716) 42 2-20-02