STEM-кабинеттер-бұл оқушыларды оқытудың жаңа әдістемесі бар кабинеттер және әлемдік білім берудегі негізгі тренд. Бұл атау қазіргі әлемде ең көп ізденетін пәндердің аббревиатурасын қамтиды: science-ғылым, technology — технология, engineering — инженерия және mathematics — математика. Робототехника кабинеті биыл ауыл мектептерін жаңғырту аясында "Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімінің Ұзынкөл ауылының жалпы білім беретін мектебі" КММ үшін сатып алынды. Ағымдағы жылдың 14 маусымында Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы Арай Оралтайқызы Әбенова осы ұйымға жұмыс сапарымен барды. Жауапты қызметкерлер тағайындалды. Пайдалану бойынша ұсыныстар берілді, алдағы оқу жылында осы кабинетте оқушылармен белсенді жұмыс жүргізіліп, жоғары нәтижелер көрсетілуі тиіс.