Текст
Зеренді ауылы 2020 жылғы 7 ақпанда «Хрустальный кулак» Қысқы спартакиадасы аясында конькимен жүгіруден Ақмола облысының чемпионаты 3 қала мен 14 ауданды қамтыды. Қыздар арасында 1000 метр қашықтықта балалар спорт мектебінің тәрбиеленушісі, №2 орта мектептің оқушысы Амирханова Адилия конькимен жүгіруден Ақмола облысының чемпионы атанды. 8 ақпанда Амирханова Әділ, Артықпаева Дильназ, Конрад Виктория және Пушная Анастасия 500 метр қашықтықта аудан намысын қорғайды. Жас спортшыларымызға сәттілік пен жеңіс тілейік.