Текст
Ағымдағы жылдың 27 желтоқсаны Аудандық мәдениет үйінде Егіндікөл ауданы жалпы білім беретін мектептердің оқушыларына арналған жаңа жылдық шырша аясында Егіндікөл ауданы әкімінің атынан «Жаңа жыл – ғажайыптар елі» театрландырылған карнавалы мен маскарад қойылымы ұйымдастырылды. Мерекелік шараға 100-ден астам бала қатысты. Олардың қатарында ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балалар, аз қамтылған және көп балалы отбасы балалары, ерекше білім алуды қажет ететін ұл-қыздар, сондай-ақ мектепте, спортта, шығармашылықта және қоғамдық өмірде жетістіктерге жеткен дарынды балалар бар.