"Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение "Отдел образования по Егиндыкольскому району управления образования Акмолинской области"

      

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

КЕЗЕККЕ ҚОЮДЫ ЕСЕПКЕ АЛУДЫҢ БІРЫҢҒАЙ БАЗАСЫ ЕЛІМІЗДІҢ ЕКІ ӨҢІРІНДЕ ПИЛОТ РЕТІНДЕ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

01.02.2024

💻 КЕЗЕККЕ ҚОЮДЫ ЕСЕПКЕ АЛУДЫҢ БІРЫҢҒАЙ БАЗАСЫ ЕЛІМІЗДІҢ ЕКІ ӨҢІРІНДЕ ПИЛОТ РЕТІНДЕ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

💬 Мектепке дейінгі ұйымдарда орындарды бөлу кезіндегі сыбайлас жемқорлық әрекеттерін жою мақсатында «Кезекке қоюды есепке алудың бірыңғай базасы» әзірленді. Жоба еліміздің екі өңірінде пилоттық режимде іске асырылуда. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

📨 Жаңа модель отбасының сұранысына байланысты төрт балабақшаға дейін таңдауға мүмкіндік береді. Орындарды бөлу процесін ашық жүргізу үшін және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау мақсатында SMS-хабарлама жіберіледі.

📑 Балабақша мен ондағы бос орындар туралы ақпаратты «Кезекке қоюды есепке алудың бірыңғай базасы» шеңберінде электрондық үкімет порталындағы Карта арқылы алуға болады. Ата-ана картаны басшылыққа ала отырып, тұрғылықты жерінің маңындағы, жұмысына жақын немесе басқа жеке қалауы бойынша балабақшаны таңдай алады.

🖥 Тұрғындарға ыңғайлы болу үшін өтініш берудің бірнеше тәсілдері енгізілді. Атап айтсақ: электрондық үкімет порталы, екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары және жергілікті атқарушы органдардың платформалары.  

📲 Бұдан басқа, жеңілдік мәртебесін растау үшін қағаз анықтамаларды жинау алынып тасталады. Олар автоматты түрде мемлекеттік дерекқорлардан алынады. Балабақша таңдалғаннан кейін кезек нөмірі беріліп, ата-анаға хабарлама жіберіледі. Сондай-ақ, егер отбасында екіден көп бала болса, оларды бір балабақшаға қабылдау мүмкіндігі беріледі.

📌 Айта кетейік, бүгінде жоба Шахтинск және Петропавл қалаларында жүзеге асырылуда. Пилот аяқталғаннан кейін «Кезекке қоюды есепке алудың бірыңғай базасы» бүкіл ел бойынша енгізіледі.

Просмотров: 1003


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст