"Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение "Отдел образования по Егиндыкольскому району управления образования Акмолинской области"

      

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жалпы білім беретін пәндер бойынша 5-сынып оқушыларының республикалық олимпиадасының облыстық кезеңінің қорытындысы.

01.02.2024

2024 жылдың 1 ақпанында "Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімінің Егіндікөл ауылының №2 жалпы білім беретін мектебі" КММ базасында жалпы білім беретін пәндер бойынша 5 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың аудандық кезеңі өткізілді.
Олимпиада оқушылардың зияткерлік қызмет пен ғылыми білімге деген қызығушылығын дамыту, білім алушылардың қабілеттерін, бейімділігін іске асыру үшін жағдай жасау, дарынды балалармен жұмысты іске асыру шеңберінде ерте бейіндеу, Республикалық пәндік олимпиадаларға қатысу үшін жоғары ынталы білім алушыларды анықтау мақсатында өткізілді.
Аудандық кезеңге мектеп кезеңдерінің 30 жеңімпазы қатысты. Олимпиада математика, жаратылыстану, Қазақ тілі мен әдебиеті, Орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі, Қазақстан тарихы, орыс тілінде оқытатын сыныптардағы қазақ тілі, қазақ тілінде оқытатын сыныптардағы орыс тілі пәндері бойынша өткізілді.
Олимпиада қорытындысы бойынша келесі жеңімпаздар анықталды;
"Математика" - Хаматханов Дамир (Спиридоновка А.ОШ), Абдулла Азия (Полтавское А. ОШ), Куницын Владислав (Қоржынкөл А. ОШ).
"Қазақстан тарихы" - Мәжит Аяна (Тоғанас А.ЖББОМ), Нарбаева Самира (Егіндікөл а. № 2 ЖББМ).
"Қазақ тілі орыс тілінде оқытатын сыныптарда" - мест нет
"Қазақ тілінде оқытатын сыныптардағы орыс тілі" - ЖамбылТаңшолпан (Ұзынкөл ауылы ЖББМ)
"Орыс тілі мен әдебиеті" - Харитонова Дарья (Егіндікөл а. № 2 ЖББМ), Джурунова Карина (Егіндікөл а. № 2 ЖББМ).
"Ағылшын тілі" - Суровцева Тамилия (Егіндікөл ауылы № 2 ЖББМ).
"Қазақ тілі мен әдебиеті" - жүлдегерлер жоқ
"Жаратылыстану" – жүлдегерлер жоқ
Барлық жүлдегерлер құрмет грамоталарымен марапатталады.
Олимпиада жүлдегерлерін, олардың ата-аналары мен мұғалімдерін құттықтаймыз! Сізге сәттілік пен жоғары жетістіктер тілейміз!

Просмотров: 1304


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст