Ағымдағы жылдың 23 ақпанында мектеп жасына дейінгі балалар мен олардың ата-аналарының қатысуымен «Әжем, анам және мен» республикалық байқауының аудандық кезеңі өтті. Аудандық кезеңіне Егіндікөл ауылының № 1 жалпы орта білім беретін мектебі, Көркем ауылының негізгі мектебі, Тоғанас ауылының негізгі мектебі оқушылары қатысты.
Байқау барысында оқушылардың заттық дамытушы ортаны жабдықтау, отбасылық салт-дәстүрлерге баулу (ұлттық тағамдар жасау, қонақ күту, қолөнер бұйымдарын әзірлеу және т.б.);, топтағы шараларды (мерекелік, спорттық, отбасылық және т.б.) ұйымдастыруға автордың өз үлесі ескерілді.
Комисия шешімімен аудандық «Әжем, анам және мен» байқауының қорытындысы келесідей|:
1 орын иеленген Көркем ауылының негізгі орта мектебінің оқушысы Шүкір Аяла
1 орын иеленген Егіндікөл ауылының № 1 жалпы орта білім беретін мектебінің оқушысы Зейнолла Даяна
2 орын иеленген Тоғанас ауылының негізгі орта мектебінің оқушысы Өмірбек Асылым Кенжеболатқызы
3 орын иеленген Егіндікөл ауылының № 1 жалпы орта білім беретін мектебінің оқушысы Сеилова Амина.
Байқаудың жеңімпаздарын құттықтаймыз және оларға одан әрі жеңістер тілейміз.