"Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение "Отдел образования по Егиндыкольскому району управления образования Акмолинской области"

      

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Абай оқулары

09.04.2024

2024 жылдың 8 сәуірінде жалпы білім беру ұйымдарының 8-11 сынып оқушылары арасында ZOOM платформасында қашықтық форматта «Абай оқулары» республикалық байқауының аудандық кезеңі өтті.
Байқаудың мақсаты мен міндеттері:
- қазақ халқының әдеби мұрасын насихаттау, мектеп оқушыларының классикалық қазақ әдебиетін оқуға деген қызығушылығын арттыру.
- Абай оқушыларының негізгі міндеттері Абай  және Шәкәрім шығармашылығын эстетикалық талғам, мен тұлғалық касиетті насихаттау, ұлылар поэзиясына ұлттың рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

«Абай оқулары» байқауына Егіндікөл ауданындағы 6 мектептен 12 оқушы қатысты:
Жарыстар келесі номинациялар бойынша өткізілді:
1. «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы»
2. «Көңілім әнді ұғады»;
3. «Абайдың қара сөздері»;
4.« Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары»;
5. «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда».

Қазылар алқасының шешімімен жүлделер келесідей бөлінді:
«Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» номинациясы бойынша:
1 орын – Ергеш Хафса («Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімі Ұзынкөл ауылының жалпы білім беретін мектебі» КММ 9-сынып оқушысы),
3 орын – Денис Русланович Баковец («Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім беру бөлімінің Спиридоновка ауылындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ 8 сынып оқушысы).

«Көңілім әнді ұғады» номинациясы бойынша:
1 орын – Сейілбекова Назерке Сейфулмалыққызы («Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім беру бөлімінің Көркем ауылының негізгі орта мектебі» КММ 9-сынып оқушысы),
2 орын –Жасен Назерке Сайранқызы («Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімінің Егіндікөл ауылының №1 жалпы орта мектебі» КММ 10 сынып оқушысы),
3 орын – Бәйкен Жанель Қазбекқызы («Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімінің Тоғанас ауылының негізгі орта мектебі» КММ 8 сынып оқушысы).


«Абайдың қара сөздері» номинациясы бойынша:
Қатысу туралы грамота - Рудниченко Данила Виталиевич («Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімі» КММ Бауманское ауылындағы жалпы білім беретін мектептің 8-сынып оқушысы).

«Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары» номинациясы бойынша:
Қатысу туралы грамота - Карабанова Елизавета Александровна («Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім беру бөлімінің Бауманское ауылындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ 9-сынып оқушысы).

«Жүйріктен жүйрік озар жарасқанда» номинациясы бойынша:
1 орын – Жұмажан Гүлназ Жасұланқызы («Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімінің Егіндікөл ауылының №1 жалпы орта мектебі» КММ 10 сынып оқушысы).

Сондай-ақ қатысқаны үшін марапатталады:
1) Жұмажанова Дильназ Дауреновна («Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім беру бөлімінің Егіндікөл ауылының №1 жалпы орта мектебі» КММ 7-сынып оқушысы),
2) Беспалая Василиса Витальевна («Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданының білім бөлімі Бауманское ауылындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ 8-сынып оқушысы),
3) Нұрдәулет Ербол Қаратұлы («Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім беру бөлімінің Егіндікөл ауылының №1 жалпы орта мектебі» КММ 7-сынып оқушысы).

3 номинация бойынша 1 орын алған қатысушылар республикалық Абай оқуларының облыстық кезеңіне қатысуға жолдама алды.

Просмотров: 2643


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст