Оқыту орыс тілінде
жүргізілетін мұғалімдер үшін жаңартылған білім беру мазмұны бойынша Егіндікөл
№2 ОМ базасында өткен семинар туралы ақпарат
2017 жылы 14 қараша айында №2 ЕОМ Егіндікөл ауданында облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің әдіскері Б.О. Бигожина және Көкшетау қаласының педагогикалық шеберлік орталығының тренері Б.Қ. Рахымжанованың қатысуымен білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде аудандық семинары өтті. Педагогтар ашық сабақтар, шебер класс, және коучингтер өткізілді. Қатысушылар саны – 35. Оқушылар нақты мәселені анықтайтын мәтіндерге қарапайым жоспар құрып, құрылымдық бөліктері және олардың элементтерін ашатын негізгі ойларын жеткізіп,әр түрлі эсселер жазылды. Сонымен қатар «Идеялар себеті» әдістемесін қолданып, оқушылар әр түрлі мәліметтер мен деректер мәселелері бойынша топтарында талқылап отырды. Семинар барысында қатысушылар әдістемелік көмек және білім беру мазмұнын жаңарту процесіне қатысты көптеген жауаптар алды.