Текст
Егіндікөл ауданында Орталық алаңда мектеп жәрмеңкесі өтті.
Жаңа оқу жылы қарсаңында Егіндікөл ауданының тұрғындары қалам мен дәптерден бастап, мектеп формасы, аяқ киім мен портфельге дейінгі қажетті кеңсе тауарлары мен басқа да оқу құралдарын қолжетімді бағамен сатып алу мүмкіндігіне ие болды. Айта кетерлігі, тауарлардың бағасы нарықтық бағадан 5-10 пайызға төмен болды.
Мектеп жәрмеңкесі облыстық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен салтанатты жағдайда өтті.
Естеріңізге сала кетейік, мектеп жәрмеңкесі «Мектепке жол» республикалық акциясы аясында жыл сайын өткізіледі.