"Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение "Отдел образования по Егиндыкольскому району управления образования Акмолинской области"

      

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Online Mektep-тегі үздік БЖБ» байқауын өткізу туралы ереже

12.10.2020

«Online Mektep-тегі үздік БЖБ» байқауын өткізу туралы ереже

«Bilim Media Group» компаниясы бөлімді жиынтық бағалауды ұйымдастыру және өткізу бойынша «Online Mektep-тегі үздік БЖБ» республикалық байқауын жариялайды.

Қалауын білдірген әрбір ұстаздың байқауға қатысып, білім беруде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамытуға өз үлесін қосып, сыйлық ұтып алуы үшін Сіздің облыстағы/қаладағы барлық мектепке байқау туралы хабарлауыңызды сұраймыз.

 

Қолдауыңыз үшін шынайы ризашылығымыз бен алғысымызды білдіреміз!

«Online Mektep-тегі үздік БЖБ» байқауын өткізу туралы ереже

Мақсаты: оқушылардың білімін жиынтық бағалауды ұйымдастыру бойынша педагогтердің тәжірибе алмасуы және бөлісуі.

Қазақстандағы орта білім беретін педагогтер байқауға қатысуға шақырылады. Қатысу тегін!

 Байқау шарттары:

  1. Байқауға қатысушылардың барлығы OnlineMektep.org білім беру сервисіне тіркелген қолданушылар болуы тиіс;
  2. Қатысушы байқауға бірнеше жұмысын (шектеу жоқ) қатыстыра алады, бұл ретте оларды тек бір рет жолдай (жүктей) алады.
  3. Байқауға қатысатын жұмыстар Байқау талаптарына сай болуы тиіс;
  4. Қатысушы жұмысын Байқауға жолдау арқылы жеке деректерін өңдеуге әрі жұмыстарын Ұйымдастырушының ресурстарында жариялауға және әрі қарай қолдануға келісім береді.

 Байқау талаптары:

  1. Мазмұны бөлімді жиынтық бағалау тапсырмаларын әзірлеудің негізгі стандарттары мен талаптарына сай болуы тиіс.
  2. Бірегейлік (жұмыстың теңтүпнұсқа болуын, плагиат болмауын қамтамасыз ету). Байқауға қатысушы осы талапты бұзған жағдайда ұйымдастырушы жауапкершілік алмайды.
  3. Көрнекілік (техникалық рәсімдеу талаптарын сақтау және пайдаланылған қосымша ресурстардың сапасын қамтамасыз ету).

Өтетін уақыты: 3 – 23 қазан.

Байқауды ұйымдастыру

Байқауға қатысатын жұмыстарды OnlineMektep.org қолданушылары «лайк» арқылы бағалайды, яғни платформада өзіне ұнаған байқауға қатысушылардың жұмыстарын белгілейді. Сондай-ақ мұғалімдер байқауға жолдаған жұмыстарын БЖБ өткізуге қолдана алады.

Байқау жүлделері  

Платформадағы ең көп «лайк» саны мен осы жұмысты басқа мұғалімдердің өз сабақ кестесіне қосу саны бойынша әр өңірден бір жеңімпаз анықталады.

Жеңімпаздар Дипломмен және BilimBook mini планшетімен марапатталады.

 Өткізу форматы: OnlineMektep.org платформасында онлайн өтеді.

 Байқауға қатысу үшін:

  1. Байқау ережесін мұқият оқу.
  2. БЖБ/ТЖБ бетіне өту.
  3. Пән, сынып бойынша өз БЖБ-сын құрастыру.
  4. Байқауға жіберу батырмасын басу[1] .
  5. Жариялау шартын қабылдау.
  6. БЖБ-ны Facebook-те жариялау және BILIM Land (Facebook) парақшасына тіркелу.

Байқау туралы барлық сұрақ бойынша қолдау көрсету қызметінің телефонына: +7 (707)944 95 95 немесе электрондық пошта арқылы хабарласуға болады: support@bilimland.kz.

 

 

Просмотров: 581


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст