🖌Қазақстанда 7 мыңға жуық мектеп бар, олардың 3700-ден астамы карантиндік шектеулер жағдайында дәстүрлі форматта жұмыс істеп, барлық сынып оқушысын мектеп қабырғасында оқытып жатыр.
🖌Қалған мектептерде санитарлық дәрігерлердің талабы бойынша оқыту аралас форматта жүргізіледі: ата-аналардың өтініші бойынша мектепалды, бастауыш және 5-сынып оқушылары кезекші сыныптарда оқи алады. Бірақ әр өңір бойынша нақты шешімді жергілікті санитар дәрігерлер қабылдап, рұқсат береді.
🖌Егер бала кезекші сыныпта оқитын болса, онда барлық тапсырма бұрынғыдай қалыпты форматта беріледі. Яғни, бала сыныпта оқиды, ал үй тапсырмасын үйде оқулық бойынша орындайды.
🖌Қосымша ресурс ретінде қолжетімді білім беру платформаларындағы контентті қалай пайдалану керектігін әр мұғалім өзі таңдайды. Дегенмен үй тапсырмасының көлемі бекітілген нормадан тым көп болмауы қажет.
🖌Білім министрлігі белгілі бір платформаны пайдалану бойынша талаптар қоймайды. Білім беру платформасын мектеп әкімшілігі өзі таңдайды.