Бүгін аудандық мәдениет үйінде ұстаздар күнін мерекелеуге арналған салтанатты іс-шара өтті. Бұл шараға аудан басшылығының өкілдері, аудан мектептерінің педагогикалық ұжымы, ұстаздық еңбек ардагерлері мен мектеп оқушылары қатысты.
Ұстаздарды кәсіби мерекелерімен құттықтаған Егіндікөл ауданының әкімі Курушин Ю.В. : «Мұғалім – қазіргі қоғамдағы ең маңызды мамандықтардың бірі. Ересек өмірге қажетті баға жетпес білім беретін мұғалімдер. Барша ұстаздарға денсаулық, бақыт, отбасылық амандық, бастарының үстінде бейбіт аспан тілеймін» екенін атап өтті.
Өз сөзінде Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Қонтарбаева А.К, білім қызметкерлері кәсіподағының аудандық комитетінің төрағасы Ілиясов З.Ж. ұстаздардың өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі өлшеусіз үлесін атап өтіп, ұстаздарға шығармашылық идеялар, ризашылықпен кәсіби табыстар тіледі.
Шара аясында білім беру саласының үздік қызметкерлері білім басқармасының марапаттарымен, төс белгілермен және құрмет грамоталарымен марапатталды. Білім саласының ардагерлеріне де бөлек құрмет көрсетілді.
Шара мектеп оқушылары мен мәдениет саласының қызметкерлерінің музыкалық және би қойылымдарына ұласып, ұстаздарға күні бойына тамаша көңіл-күй сыйлады.