"Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение "Отдел образования по Егиндыкольскому району управления образования Акмолинской области"

      

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімі жанындағы Ардагерлер кеңесі туралы ереже

Ақмола облысы білім басқармасының

Егіндікөл ауданы бойынша білім беру бөлімі басшысының м. а. 

                                                                                         2023 жылғы «_07__» 09

№ __91____  бұйрығына

                                                                                         2- қосымша

 

 

Ақмола облысы білім басқармасының

Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімі жанындағы

Ардагерлер кеңесі туралы ереже

 

             1.Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімі жанындағы Ардагерлер кеңесі (бұдан әрі - Кеңес) білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты жаңғырту және дамыту жөніндегі кешенді шешімдерді әзірлеу үшін құрылған білім бөлімінің консультативтік-кеңесші органы болып табылады.

             2.Кеңес өз қызметін еріктілік, объективтілік, парасаттылық, ашықтық, жариялылық, Кеңес мүшелерінің құқықтары мен міндеттерінің теңдігі, Кеңес шешім қабылдаған кезде жариялылық және мөлшерлестік қағидаттарын ұстана жүзеге асырады.

             3.Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңын, өзге де нормативтік құқықтық актілерді және осы Ережені басшылыққа алады.

             4.Кеңестің негізгі міндеттері:

  1.  аудандық деңгейде білім беру саласындағы саясатты жаңғырту және дамыту жөніндегі кешенді шешімдерді әзірлеуде консультациялық көмек беру;
  2. білім беру қызметін жетілдіру мәселелері бойынша ұсынымдар енгізу;
  3. білім беру саласындағы стратегияның мақсаттары мен міндеттеріне қол

жеткізуге жәрдемдесу;

  1. жас мамандардың кәсібилігі мен моральдық-әдептілік келбетін арттыруға және тәлімгерлікті дамытуға бағытталған ұрпақтар сабақтастығын қамтамасыз ету;
  2. азаматтыққа және патриотизмге, өз Отаны - Қазақстан Республикасына деген сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздер мен мемлекеттік тілді құрметтеуге, халықтық дәстүрлерді құрметтеуге, Конституцияға қарсы және қоғамға қарсы кез келген көріністерге төзбеушілікке және білім беру жүйесінің басқа да міндеттеріне тәрбиелеуге жәрдемдесу;
  3. Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімі қызметінің негізгі бағыттарын түсіндіруге көмек көрсету.

             5.Кеңестің құрамы зейнеткерлік жасқа толғанға дейін білім беру саласында жұмыс істеген білім беру жүйесінің ардагерлері, оның ішінде осы салада жұмысын жалғастырған адамдар қатарынан қалыптастырылады.

             6.Ардагерлер кеңесінің төрағасын оның мүшелері арасында бірінші отырыста ашық дауыс беру арқылы сайланады. Кеңес төрағасы оның қызметіне басшылық жасайды, Кеңес отырыстарына төрағалық етеді және оның жұмысын жоспарлайды.

             7.Төраға болмаған жағдайда оның функцияларын Кеңес төрағасының орынбасары орындайды.

             8.Төрағаның орынбасарын Кеңес мүшелері арасынан төрағаның ұсынуы бойынша сайланады.

             9.Кеңес отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ жартыжылдықта кемінде бір рет өткізіледі және оларға кеңес мүшелерінің жалпы санының кемінде жартысы қатысқан кезде заңды болып саналады. Кворум болған кезде кеңес отырысқа қатысып отырған Кеңес мүшелері санының жай көпшілік даусымен ашық дауыс беру жолымен шешім қабылдайды. Дауыстар тең болған кезде Кеңес отырысында төрағалық етушінің дауысы шешуші болып табылады. Кеңес отырыстары қазіргі заманғы байланыс құралдарын пайдалана отырып өткізілуі мүмкін.

               10.Кеңестің шешімдері хаттамамен ресімделеді, оған Кеңестің Төрағасы қол қояды.

               11.Кеңестің шешімдері ұсынымдық сипатта болады.

               12.Кеңестің қызметі туралы ақпарат Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімінің интернет-ресурсында орналастырылады.

               13.Кеңес өз қызметін Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімі басшысының шешімі бойынша тоқтатады.

 

Жаңартылған күні: 29.09.2023 16:08
Құрылған күні: 11.11.2024 13:39

Текст