«Тіл дарыны» аудандық байқауы
«Тіл дарыны – 2021» жалпы білім беретін мекемелерінің 8-11 сынып оқушылары арасындағы 3 ақпан күні аудандық байқау өткізілді.
Байқаудың мақсаттары мен міндеттері:
- Үш тілді – қазақ, орыс, ағылшын тілдерін жетік меңгерген оқушыларды анықтап, қолдау. Іскерлік және халықаралық қарым-қатынас құралы ретіндегі тілдерді меңгеру деңгейін анықтау. Үштілділікті насихаттау;
- Қазақстан Республикасының тіл саясатын жүзеге асыру; тілді меңгеруге деген қызығушылықты ынталандыру; жан-жақты дамыған, бәсекеге қабілетті тұлға тәрбилеу; тіл мәдениетін жетілдіру.
- Оқушылардың үш тілде оқып- үйренуіне ықпал жасау және оларды ынталандыру.
Байқау 8 тапсырмадан тұрады:
1. «Полиглот» - қазақша мақал-мәтелдерді соңғы бір сөзбен толықтырып, сол сөздің орыс және ағылшын тілдерінде аудармасын беру;
2. «Мәдениеттаным» - қазақ халқының салт- дәстүрі, діні мен тілі жөніндегі сұрақтарға қазақ тілінде жауап беру;
3. «Ұлттаным» - қазақ елі тарихы мен ұлы тұлғалары, еліміздің аймақтары жөніндегі сұрақтарға орыс, ағылшын тілдерінде жауап беру;
4. «Тең шарттарда диалог» - белгілі бір тақырыпта диалог құрастыру(8-10 сөйлем);
5. «Түйіндеме» - өмірбаянын үш тілде айту (15 сөйлемге дейін);
6. «Ең үздік мәнерлеп оқушы» - 3 тілде кез-келген өлең жолдарынан үзінді оқу;
7. «Экскурсия жетекшісі» - өз елі туралы 3 тілде қысқаша мәлімет жасау;
8. «Жас ақын» - 3 тілде қызықты ертегі құрастыру;
Үміткерлер өнерін бағалау кезінде: тілдерді меңгеру деңгейі; жауаптың толық берілуі мен сапасы; жауаптың мазмұндылығы мен ерекшелігі ; үш тілде орфоэпиялық тұрғыдан таза сөйлеуі; сахналық мәдениеті ескерілді.
«Тіл дарыны» жалпы білім беретін мекемелерінің 8-11 сынып оқушылары арасындағы аудандық байқауына 3 мектептен Егіндікөл ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебі, Егіндікөл ауылының №2 жалпы орта білім беретін мектебі, Полтавск ауылының жалпы орта білім беретін мектебі) 6 оқушы қатысты. Байқаудың облыстық кезеңінде Егіндікөл ауданынан Егіндікөл ауылының №2 жалпы орта білім беретін мектебінен оқушылар қатысады . Қатысушыларға сәттілік тілейміз!