"Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение "Отдел образования по Егиндыкольскому району управления образования Акмолинской области"

      

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қазақстанда ауыл мектептерінің әлеуетін арттыру бойынша «Ауыл мектебі – сапа алаңы» жобасы жүзеге асуда

03.12.2024

Қазақстанда ауыл мектептерінің әлеуетін арттыру бойынша «Ауыл мектебі – сапа алаңы» жобасы жүзеге асуда ✔️ ҚР Үкіметінің отырысында оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев ауыл мектептерінде білім сапасын көтеру мақсатыныда қолға алынған шараларға тоқталып өтті. Бүгінде осы мақсатта елімізде өңірлердегі шағын жобаларды қамтитын «Ауыл мектебі – сапа алаңы» жобасы жүзеге асуда. 🔹 Өткен жылы Ақтөбе облысында Оқу-ағарту министрлігінің, «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының және Білім беруді тұрақты дамыту қолдауымен цифрлық технологияларды пайдалана отырып, ауыл мектептерінің әлеуетін арттыру жөніндегі жоба табысты жүзеге асырылды. Жобаға 12 тірек және 134 шағын жинақты мектеп, 11 мыңнан астам білім алушы мен 3,5 мыңға жуық педагог қатысты. 📚 Жобаға қатысқан мектеп басшылары мен педагогтері цифрлық құзыреттілік пен кәсіби дамуға бағытталған арнайы курстардан өтті. Шағын жинақты мектептердің техникалық мүмкіндіктеріне қарай оқытудың 4 моделі әзірленіп енгізілді.

«Жоба аясында тірек мектептерінің материалдық-техникалық базасы толығымен жаңартылып, шағын жинақты мектептер пәндік және цифрлық кабинеттермен жабдықталды. Мектептер жылдамдығы жоғары интернетпен қамтамасыз етілді», - деп мәлімдеді Ғани Бейсембаев.

📍 Сондай-ақ өткен оқу жылы Алматы облысының 50 мектебінде жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша білім сапасын арттыру мақсатында «Білім-инновация» лицейлерінің тәжірибесіне негізделген жоба жүзеге асырылды, ал биылғы жылы Маңғыстау облысында «Отпан» жобасы басталды. Жоба 50 мектепті қамтиды, оның ішінде 35 мектеп ауылдық жерлерде орналасқан. Оған барлығы 60 мың білім алушы мен 7 мың педагог қатысты. 📊 Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда бүгінде 8 мың мектеп бар, оның 67% ауыл мектептері, 51% шағын жинақты мектептер. Шағын жинақты мектептердің ең көп саны Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақмола, Павлодар, Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында орналасқан.

Просмотров: 2189


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст