Текст
18.06.2026
Өмірді өзгертетін финал! Еліміздің түкпір түкпірінен келген ауыл балалары IQanat Олимпиадасының финалына қатысу үшін Алматыға барады
18-24 маусым аралығында Алматыда IQanat республикалық олимпиадасының финалы өтеді. Финалға еліміздің барлық өңірлерінен іріктелген 1000 ауыл оқушысы қатысады, Ақмола облысынан 40 финалист жіберіледі. Олар 60 мыңнан астам қатысушының ең жақсы нәтижесін көрсетті және шешуші кезеңге өтті.
Финалистер IQanat High School of Burabay-да тегін білім беру гранттары мен үш жылдық Олимпиададан кейінгі қолдау бағдарламасына үміткер болады.
Егіндікөл ауданынан Тоғанас ЖББОМ 8 - сынып оқушысы Өмірбек Алдияр "IQanat" финалына өтті. Алдиярға сәттілік тілейміз! Жеңіспен оралыңыз!