"Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение "Отдел образования по Егиндыкольскому району управления образования Акмолинской области"

      

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Балақайлар мектебі»

23.07.2026

«Білімге құмар» жобасы аясында 2026 жылғы 3–31 тамыз аралығында Егіндікөл ауданының барлық білім беру ұйымдарында  болашақ бірінші сынып оқушыларын мектепке бейімдеуге бағытталған «Балақайлар мектебі» мектепалды даярлаудың қысқа мерзімді курстары ұйымдастырылады.

Бағдарламаны іске асыру мерзімі – 1 ай. Білім беру ұйымы сабақтардың кестесі мен жұмыс тәртібін өз бетінше бекітеді. Бір топтағы балалар саны 25 баладан аспауы тиіс. Апталық оқу жүктемесі 20 сағаттан аспайды. Жұмыс режимі – аптасына 5 күн, күніне 4–5 сабақ, әр сабақтың ұзақтығы 30 минуттан аспайды, сабақтар арасында 10 минуттық үзіліс қарастырылған.

Бағдарламаның мақсаты – балаларды бастауыш мектепте оқуға жан-жақты даярлау.

Бағдарламаның негізгі міндеттері:

  • балалардың негізгі құзыреттіліктерін дамыту (дене дамуы, коммуникативтік, танымдық және зияткерлік дағдылар, шығармашылық қабілеттері, зерттеушілік әрекеті, әлеуметтік-эмоциялық дағдылары);
  • мектепте оқуға тұлғалық, зияткерлік және психологиялық даярлығын қалыптастыру;
  • оқу мотивациясын дамыту;
  • жаңа білім алуға деген қызығушылығын арттыру, ересектермен және құрдастарымен қарым-қатынас жасау қажеттілігін қалыптастыру.

Бағдарлама мектепалды даярлық пен бастауыш білім беру арасындағы сабақтастықты қамтамасыз етеді және педагогтер мен ата-аналарға балаларды мектепке жан-жақты дайындауға мүмкіндік береді. Бағдарлама мазмұны балалардың психологиялық даярлық деңгейін ескере отырып, оларды мектепте оқуға дайындаудың барлық бағыттарын қамтиды.

Әрбір сабақ өзара байланысқан екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде балалардың эмоциялық-ерік және адамгершілік қасиеттерін дамытуға, жанашырлық сезімін (эмпатияны) қалыптастыруға, коммуникативтік дағдыларын жетілдіруге бағытталған тәрбиелік әңгімелер мен жаттығулар өткізіледі. Екінші бөлімде танымдық үдерістерді, қолдың ұсақ моторикасын, қимыл-қозғалыс үйлесімділігін, логикалық ойлауын, зейіні мен есте сақтау қабілетін дамытуға арналған ойындар, тапсырмалар және релаксациялық жаттығулар ұйымдастырылады.

«Балақайлар мектебі» бағдарламасын іске асыру болашақ бірінші сынып оқушыларының мектеп ортасына жеңіл бейімделуіне, оқуға деген жағымды көзқарасының қалыптасуына, өз күшіне деген сенімінің артуына және бастауыш білім беру бағдарламасын табысты меңгеруге қажетті дайындық деңгейінің қалыптасуына ықпал етеді. Бұл әрбір баланың жаңа оқу жылын сәтті бастауына және жалпы мектепалды даярлық сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

 

Просмотров: 1055


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст