02.10.2026
«Жасыл әлем» эссе байқауының аудандық кезеңінің қорытындысы
Ауданда облыстық экологиялық шығармашылық «Жасыл әлем» эссе байқауының аудандық кезеңі өткізілді.
Байқаудың мақсаты – білім алушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне қызығушылығын арттыру, сондай-ақ шығармашылық қабілеті жоғары және талантты оқушыларды анықтау.
Байқауға ұсынылған жұмыстар конкурстық комиссия тарапынан қаралып, келесі критерийлер бойынша бағаланды: тақырыптың ашылуы, авторлық ұстаным және ойдың дербестігі, экологиялық мәселені түсінуі, дәлелдердің және нақты мысалдардың болуы, шығармашылық ерекшелігі мен мәтіннің сауаттылығы.
Байқау қорытындысы бойынша үш жас ерекшелігі санаты бойынша жеңімпаздар анықталды:
5–7 сыныптар:
🥇 I орын — Жандауы Жандос, «Ұзынкөл ауылының жалпы білім беретін мектебі» КММ.
🥈 II орын — Ислям Айсұлу, «Полтавское ауылының жалпы білім беретін мектебі» КММ.
🥉 III орын — Өмірбек Бимариям, «Тоғанас ауылының негізгі орта мектебі» КММ.
8–9 сыныптар:
🥇 I орын — Ергеш Нұрислам, «Ұзынкөл ауылының жалпы білім беретін мектебі» КММ.
🥈 II орын — Темірхан Арман, «Полтавское ауылының жалпы білім беретін мектебі» КММ.
🥉 III орын — Матвиенко Ариана, «Егіндікөл ауылының №2 жалпы білім беретін мектебі» КММ.
10–11 сыныптар:
🥇 I орын — Жылқыбай Інжу, «Егіндікөл ауылының №1 жалпы білім беретін мектебі» КММ.
🥈 II орын — Темірхан Ринат, «Полтавское ауылының жалпы білім беретін мектебі» КММ.
🥉 III орын — Бурковская Яна, «Егіндікөл ауылының №2 жалпы білім беретін мектебі» КММ.
Байқаудың барлық жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз! Оларға шығармашылық табыс, жаңа идеялар және алдағы уақытта толағай жетістіктер тілейміз!
Аудандық кезең қорытындысы бойынша әр жас ерекшелігі санатында I орын алған қатысушылардың конкурстық материалдары «Жасыл әлем» байқауының облыстық кезеңіне қатысу үшін жолданды.