Егіндікөл ауданының мектепке дейінгі тәрбиешілері аймақтық онлайн семинарға қатысты.

13.10.2026

2026 жылғы 13 қазанда Ақмола облысы білім басқармасының «Әдістемелік орталық» КММ ұйымдастыруымен «Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудағы заманауи технологиялар мен ұлттық құндылықтардың сабақтастығы» тақырыбында облыстық аймақтық семинар өтті. Семинарға Егіндікөл ауданының мектепке дейінгі ұйымдарының тәрбиешілері онлайн форматта қатысты. Семинардың мақсаты – мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту үдерісінде заманауи педагогикалық технологиялар мен ұлттық құндылықтарды ұштастыру тәжірибесін тарату, педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру және тиімді әдістемелік тәсілдермен бөлісу. Іс-шара барысында мектепке дейінгі білім беру саласындағы өзекті мәселелер қарастырылып, балаларды тәрбиелеу мен оқытуда заманауи технологияларды қолдану және ұлттық құндылықтарды дәріптеу жолдары талқыланды. Семинар педагогтер арасында тәжірибе алмасуға, әдістемелік білімдерін жетілдіруге және мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту сапасын арттыруға бағытталған маңызды кәсіби алаң болды. 

Просмотров: 1974


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу