Оқушыларымыз — облыстық олимпиаданың жүлдегерлері!

29.10.2026

2026 жылғы 27–29 қазан аралығында Щучинск қаласындағы IT-лицей-интернаты базасында ауыл мектептерінің оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың ІІІ облыстық кезеңі өтті.
Егіндікөл ауданының оқушылары ауданымыздың намысын абыроймен қорғап, жоғары нәтижелер көрсетті:
Ибраева Жансулу (Егіндікөл ауылының №2 ЖОББМ оқушысы) — орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша ІІ орын;
Бәкен Жақсыкелді (Егіндікөл ауылының №1 ЖОББМ оқушысы) — физика пәні бойынша ІІІ орын;
Халелов Мағжан (Егіндікөл ауылының №1 ЖОББМ оқушысы) — химия пәні бойынша Грамотамен марапатталды.
Жүлдегерлерімізді үздік жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз! Оқушыларды сапалы дайындағаны, еңбегі мен қолдауы үшін пән мұғалімдеріне алғыс білдіреміз!
Жас олимпиадашыларымызға жаңа жеңістер мен ғылым биіктерін бағындыруды тілейміз!

Просмотров: 29


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу