«Алтын сақа» олимпиадасының аудандық кезеңі

13.11.2026

3-4 сынып оқушыларына арналған республикалық "Алтын сақа" олимпиадасының аудандық кезеңі Егіндікөл ауылының № 1 жалпы орта білім беретін мектебінде ағымдағы жылдың 13 қараша күні өткізілді. Аудандық кезеңге 8 білім беру ұйымдарынан 16 оқушы қатысты. 
Олимпиаданың мақсаты - математика пәні бойынша оқушылардың қызығушылығын арттыру, ғылымға баулу, математикалық ұғымдарды талдауға, сыни тұрғыда ойлауға, күрделі есептерді шешуге дағдыландыру, олимпиада резервтерін қалыптастыру және қабілетті балаларды анықтап, ынталандыру. Аудандық кезең қорытындысы бойынша оқушылар қатысқаны үшін сертификатпен марапатталады.

Просмотров: 2


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу