"Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение "Отдел образования по Егиндыкольскому району управления образования Акмолинской области"

      

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімі" ММ қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға конкурс жариялайды

07.04.2023

"Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімі" ММ қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға конкурс жариялайды

«Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімі» ММ ҚР БҒМ 27.08.2022 жылғы №381 «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға, орта білім беруге, балаларға қосымша білім беруге және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрлар даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға конкурс жариялайды. Қосымша білім алуға мемлекеттік білім беру тапсырысын алуға арналған конкурстық рәсімге қатысу үшін мынадай құжаттарды 2023 жылдың 3-7 сәуір арасында дейін ұсыну қажет:

1. осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

2. қосымша білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлға құрмайтын дара кәсіпкерлерді қоспағанда, ұйым жарғысының көшірмесі (Ереже, құрылтай шарты);

3. жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттардың көшірмесі немесе ұйым пайдаланатын ғимаратты жалға алу шартының көшірмесі;

4. балаларға арналған қосымша білім беру бағдарламаларының көшірмелері;

5. тиісті бейін бойынша педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі бар және білім алушыларды және (немесе) тәрбиеленушілерді оқыту және тәрбиелеу, білім беру қызметін әдістемелік сүйемелдеу немесе ұйымдастыру жөніндегі педагогтің кәсіптік қызметін жүзеге асыратын белгіленген үлгідегі білім туралы педагогтердің құжаттарының көшірмелері, еңбек кітапшасының көшірмесі және жұмыс орнынан анықтама;

6. педагогтердің біліктілік деңгейі туралы құжаттардың көшірмелері бар штат кестесінің көшірмесі;

7. ұйымның жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттардың көшірмелері (бар болса) (Жарғыға сәйкес, құрылтай құжаттарымен, шарттармен) немесе ұйымның жұмыс тәжірибесінің жоқтығы туралы хат;

8. ұйым басшысының қолымен және мөрімен расталған бейнебақылау камераларын орналастыру схемасы;

9. ұйым басшысының қолымен және мөрімен расталған және өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органмен келісілген Өрт кезінде эвакуациялау жоспарының сызбасы.

Аталған құжаттар нөмірленеді, тігіледі, қол қойылады, мөрмен (бар болса) және басшының қолымен куәландырылады.

Үйірмелер түрлері

Балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы қосымша білім берудің мынадай білім беру бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады:

Ғылыми-техникалық бағыт (бастапқы техникалық модельдеу; авиамодельдеу; автомодельдеу; судомодельдеу; ракетомодельдеу; робототехника; космонавтика; 3Д-модельдеу; компьютерлік графика; машина жасау; ғарыштық радиобайланыс; радиотехника; мотоцикл спорты; картинг; модельдеу; ату спорты; инженерлік жобалау негіздері; робототехникалық және мехатрондық жүйелердің инженерлік жобалау негіздері; өнертапқыштық және рационализаторлық; радиоспорт; радиоэлектроника; құрастыру; бағдарламалау; компьютерлік дизайн; кинобейне жасау; желкенді іс; электротехника; химиялық-техникалық бағдарламалау; лего-құрастыру; спорттық радиомоделизм; авто ісі негіздері; сәулеттік модельдеу; сәулет құрылыстарының технологиясы; телестудия; техникалық бағдарламалау; әскери техниканы модельдеу; стендтік моделизм; шағын көлемді су көлігін модельдеу; аэроғарыштық білім беру және модельдеу; ғарыштық ғылым; рендеринг – физикалық модель проекциясын құру; ұшу-парашюттік дайындық; квадроциклдер; қарда жүргіштер; ағаш ұстасы; автослесарь; багги; физика және робототехника; робототехника: құрастыру және бағдарламалау; ұлттық қолөнер; жас құтқарушы; STEAM-зертхана (СТЭМ-зертхана); ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған құрастыру; киберспорт ұшқышсыз ұшу аппараттары);

Туризм және өлкетану бағыты (тау туризмі; су туризмі; жорық; жартасқа өрмелеу; бағдарлау; үңгір туризмі; велоспорт туризмі; шаңғы туризмі; сауықтыру туризмі; экологиялық туризм; өлкетану; туристік лагерьлер; этнографиялық, ауылдық туризм; ғылыми туризм; тур гидтер, географиялық өлкетану, тарихи өлкетану, экологиялық өлкетану, мұражайтану, ат туризмі, жас тау құтқарушы, жол іздеуші-құтқарушы, археология);

Экологиялық-биологиялық бағыт (экология; орнитология; балық аулау; гүл өсіру; флористика; зоология (флора, түр құрамы, рациондар); жануарларды зерттеу; энтомология; өсімдік шаруашылығы; бау-бақша шаруашылығы; мал шаруашылығы; аквапоника; көкөніс шаруашылығы; қоян шаруашылығы; иппотерапия; ветеринария медицина; геология; ландшафттану; қоршаған ортаны зерттеуші; өндірістік экология; STEM зертханасы (зерттеу биологиясы, химия); гидропоника; экожурналистика; фитопатология;

Көркемдік-эстетикалық бағыт (керамика, қыш бұйымдары ісі; модельдеу, мүсін, керамикалық мүсін; кесте тігу; тоқыма тоқу; тігу, макраме; оригами, қағаздан жасалған қолөнер (гүлдер, құстар, жануарлар); кілем тоқу; зергерлік өнер; ағаштан көркем кескіндеме; металға көркемдік кескіндеме; керамикаға көркем кескіндеме; былғарыны көркем өңдеу; металды көркемдік өңдеу; пирография, ағаш күйдіру, былғары, мата; киімді көркемдік үлгілеу; томбурлы кестелеу; ағашты көркемдік өңдеу; арт-терапия; сән дизайны қыш өнері, модельдеу);

Әлеуметтік-педагогикалық бағыт (журналистика, медиа орталықтар; пікірсайыс қозғалысы; еріктілер қозғалысы; кәсіпкерлік негіздері; шешендік өнер);

Гуманитарлық бағыт (тіл курстары);

Жаратылыстану-математикалық бағыт (математикалық курстар).

Құжаттарды қабылдау Егіндікөл ауданы, Победы, 6 мекенжайы бойынша жүзеге асырылады. Байланыс телефондары: 2-13-51

Просмотров: 280


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст