2023 жылдың 16 мамырында Егіндікөл ауылының №2 жалпы орта білім беретін мектеп базасында 2-7 сынып оқушыларының Республикалық зерттеу жұмыстары конкурсының аудандық кезеңі өтті.
Байқауға 10 секцияда жұмыстар ұсынылды:
1. химия, биология
2. медицина, психология, экология
3. математика, қолданбалы математика
4. этномәдениеттану
5. шет тілдері
6. қазақ тілі мен әдебиеті
7. орыс тілі мен әдебиеті
8. физика, космос
9. тарих, өлкетану
10. технология және өнер
Барлығы: 21 жоба.
Орындар келесідей бөлінді:
3 орын ("Химия, биология" секциясы) – Ұзынкөл ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 2 сынып оқушысы Жанбатыр Фатима.
3 орын ("Математика, қолданбалы математика" секциясы) – Матвеева Варвара, Бутрамьева Карина, Полтавское ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 6 сынып оқушылары.
3 орын ("Физика, космос" секциясы) - Бутрамьев Глеб, Рубец Виталина, Полтавское ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 2 сынып оқушылары.
2 орын ("Тарих, өлкетану" секциясы) – Бутрамьев Егор, Полтавское ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 7 сынып оқушысы.
2 орын ("Химия, биология" секциясы) – Төкен Қайсар, Ұзынкөл ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 3 сынып оқушысы.
2 орын ("Медицина, психология, экология" секциясы) – Коржынкөл ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 2 сынып оқушысы Королев Игорь.
1 орын ("Химия, биология" секциясы) – Бикұмар Нұртас, Егіндікөл ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебінің 4 сынып оқушысы.
1 орын ("Орыс тілі мен әдебиеті" секциясы) - Ұзынкөл ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 3 сынып оқушысы Мицуля Ульяна.
1 орын ("Медицина, психология, экология" секциясы) – Коломеец Денис, Спиридоновка ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 4 сынып оқушысы.
Әр қатысушыға қатысу туралы сертификаттар берілді.
Жеңімпаздар келесі оқу жылының күзінде өтетін байқаудың облыстық кезеңіне қатысады. Конкурсқа қатысқаны үшін қатысушылар мен жетекшілерге алғысымызды білдіреміз және одан әрі шығармашылық табыс тілейміз!!!