"Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение "Отдел образования по Егиндыкольскому району управления образования Акмолинской области"

      

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Менің шағын Отаным"

20.10.2023
2023 жылғы 15-17 қазанда Сандықтау ауданының Сандықтау ауылында "Жасдәурен" жыл бойы балалар сауықтыру лагерінің базасында 9-10 сынып оқушыларына арналған "Менің шағын Отаным" Республикалық Жас тарихшылар зияткерлік байқауының облыстық кезеңі өтті. Облыстық кезеңге 16 ауданнан, Көкшетау, Қосшы қалаларынан және 4 облыстық мамандандырылған мектеп-интернаттан 81 оқушы қатысты.
Байқау 2 турда өтті:
1 тур – тестілеу, 2 тур – номинациялар бойынша. Қатысушылар "Менің кіші Отанымның тарихы" (туған ауылдың тарихы туралы бейнерепортаждар байқауы), "Менің кіші Отанымның символы" (туған ауылдың символы туралы бейнепрезентация), "Менің кіші Отанымның болашағы" (болашақта ауылдың макеттерінің тұсаукесері), "Менің туған өлкем" (туған өлке туралы эссе жазу) 4 номинациясында бақ сынасты.
Бұл байқауда аудандық кезеңде бірінші орын алған Егіндікөл ауылының №2 жалпы орта білім беретін мектебінің оқушылары өнер көрсетті:
1) "Менің кіші Отанымның символы" номинациясында - Боровик Дина (10 сынып),
2) "Менің кіші Отанымның болашағы" номинациясында - Эйхвальд Екатерина (10 сынып),
3) "Менің туған өлкем" номинациясында - Матвиенко Альбина (9 сынып).
"Менің кіші отанымның тарихы" номинациясында біздің ауданнан қатысушылар болған жоқ.
Қазылар алқасының шешімімен Егіндікөл ауылының №2 жалпы орта білім беретін мектебінің 10 сынып оқушысы Боровик Дина 4-ші орынға ие болып, Ақмола облысы білім басқармасы басшысының грамотасымен марапатталды.
Қатысушыларымызға табыс және одан әрі жеңістер тілейміз!!
Просмотров: 802


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст